Бас тақырыпБасты тақырыпЭкономика

“Qarmet” компаниясы соңғы екі жылда болат өндірісін 22 пайызға арттырған

Бұл жайлы Мемлекет басшысына “Qarmet” АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев  мәлімдеді. Оның айтуынша, компанияда екі жылда болат өндірісі 22 пайызға, көмір концентраты 26 пайызға, темір кені 32 пайызға артты. Өнімнің өзіндік құны 28 пайызға арзандап, шығарылатын маркалардың түрі 260-тан 350-ге дейін ұлғайды.

Сурет “Qarmet” компаниясынан

“Qarmet” компаниясы баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, бүгінде компания мен кәсіподақтар арасында жаңа ұжымдық келісімшарт жасалды. Құжат 35 мың еңбеккерге әлеуметтік кепілдік беруді қарастырады. Сондай-ақ Qarmet жанынан ірі металлургиялық кластер құрылуда. 

Президент металлургия кешенінде атқарылған жұмысқа оң бағасын беріп, даму жоспарына қолдау білдірді.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button