Бас тақырып
Үкімет отырысында Qarmet-ке қатысты өзекті мәселелер қаралды
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Qarmet компаниясы жұмысының мәселелері жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысын өткізді.
Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа инвестордың қатысуымен кәсіпорынның тұрақты жұмысын және одан әрі дамуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралары сөз етілді. Сонымен қатар, салық, магистральдық төтенше жағдай желісін пайдалану, экологиялық заңнама нормаларын сақтау мәселелері де талқыланды.
Одан бөлек, отырыста Қарағанды көмір бассейні шахталарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын өзектендіру жоспарлары қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырмалар берді.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz