Qarmet автопаркіне QazTehna компаниясының 20 жаңа автосамосвалы жеткізілді
Qarmet компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, компания автокөлік паркiн жаңарту жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асыруда. Лизинг арқылы Индустрияны дамыту қорының қолдауымен отандық QazTehna компаниясының 20 жаңа автосамосвалы жеткізілді. Бұған дейін 2025 жылы 13 техника алынған болатын.

Жаңа автосамосвалдар заманауи қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған: жарық пен дыбыс сигналдары, хабарландыру жүйелері, видеотелеметрия, сондай-ақ эксплуатация параметрлерін бақылау үшін датчиктер орнатылған. Бұл жүргізушілердің қауіпсіздігін арттырады, өндірістік тәртіпті күшейтеді және тасымалдау операцияларындағы тәуекелдерді азайтады. Жаңартылған кабиналар эргономикалық тұрғыдан жайлы, бұл еңбек өнімділігін арттыруға көмектеседі.

Бағдарлама 15 жылдан астам пайдаланылған ескі техниканы алмастыруға және негізгі өндіріс учаскелерінде тасымалдау тиімділігін арттыруға бағытталған. Жаңа самосвалдар қазіргі экологиялық стандарттарға толық сәйкес келеді.
Автопаркті жаңарту жұмысы 2026 жылдың соңына дейін жалғасып, өндіріс үшін қосымша техника жеткізіледі.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



