18 тамыз күні «Қарағанды – Арена» спорт сарайы алаңында «QARAGANDY Half MARATHON 2024» жартылай марафоны өтеді. Жартылай марафон облыс әкімдігі мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өтеді.
Жарыстың негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және халықты дене шынықтыру және спортпен белсенді түрде айналысуға баулу, жеңіл атлетиканы дәріптеу болып табылады.
Жарыс бағдарламасына мына қашықтықтар кіреді:
– жартылай марафон 21км 97,5 м;
– 10 км қашықтық;
– 5 км қашықтық;
– 2 км қашықтық;
– 5 км скандинав жүрісі;
– Экиден қашықтығы (командалық эстафета) 21 км 97,5 м.
Таңдалған қашықтықты жүгіргісі келетіндердің барлығы qaragandy-halfmarathon.kz ресми сайтында тіркеліп, бастапқы жарнаны енгізуі тиіс (скандинавиялық жүру мен 2 км қашықтықтан басқа). Жарысқа мүмкіндігі шектеулі жандар қатыса алады.
Соңғы мәліметтер бойынша, жартылай марафонға қатысуға 2,5 мыңға жуық адам өтінім берген. Қатысушылардың географиясы кең – Қазақстанның барлық өңірлері, әсіресе Астана, Алматы және Павлодар облыстарынан келген жүгірушілер, сондай-ақ Ресей, Украина және Қырғызстаннан келген қонақтар көп болады.
510 бала (9 жастан 14 жасқа дейін), оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар да жүгіруге ниет білдірді. Скандинавиялық жүру жарысының ең үлкен қатысушысы 86 жаста.
Жүгірушілерге ыңғайлы болу үшін бастапқы қалашықтың әртүрлі жерлерінде QR-код орналастырылады. Оның көмегімен сіз өз нәтижеңізді бірден біле аласыз.
Әр қашықтық бойынша қатысушылар естелік медальдармен, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, бағалы және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Жарыстың жалпы жүлде қоры 3 890 000 теңгені құрайды.
Толық ақпарат qaragandy-halfmarathon.kz және @qaragandymarathon.kz.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz