Спорт

Qaragandy Half Marathon: Қарағандыда жүгіру марафоны өтеді

Қарағандыда 28 мамырда дәстүрлі Qaragandy Half Marathon спорттық іс-шарасы өтеді. Жартылай марафонды ұйымдастырушы – Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы.

 

Төрт қашықтық жарияланды:

– 21 км 97,5 м (18 жастан асқан);

– 10 км (18 жастан асқан);

– 5 км (15 жастан жоғары);

– 2 км (9 жастан 14 жасқа дейін).

“Экиден” жарысының жаңа түрі – 21 км 97,5 м. Бұл 16 жастан асқан алты жүгіруші қатысатын командалық эстафета. 

Таңдалған қашықтықты жүгіргісі келетіндердің барлығы qaragandy-halfmarathon.kz ресми сайтына тіркелуі керек және бастапқы жарнаны енгізу қажет (2 км қашықтықтан басқа).

Жарыстарға мүмкіндігі шектеулі жандар қатыса алады.

Тіркеу 21 мамырда немесе жартылай марафонға қатысушылар саны 3200-ге жеткенде, оның ішінде 25 “Экиден” командасы жасақталғанда аяқталады.

Бастапқы жиынтықтарды беру 23–26 мамырда сағат 11:00-ден 20:00-ге дейін Қарағанды қ., Қазыбек Нұржанов атындағы жеңіл атлетика манежі, Комиссаров к-сі, 45а мекенжайы бойынша өтеді.

Әр қашықтыққа қатысушылар естелік медальдармен және сертификаттармен, жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, бағалы және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Толық ақпарат qaragandy-halfmarathon.kz сайтында.

“Экиден” командалық эстафетасы бойынша сұрақтарды WhatsApp арқылы қоюға болады: +7-700-022-62-81.

Жарыстың өтетін орны – “Қарағанды-Арена” Мұз Сарайының алаңы.

Басталуы 08:00.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button