Жаңалықтар

Психолог Михаил Литвактың кеңестері


1. Жетістікке жеткізетін жолды білмеймін. Бірақ мен құрдымға түсіретін жолды білем – ол жұрттың бәріне бірдей жақсам деген ниет.
2. Ердің, не әйелдің логикасы деген дүние жоқ, тек сауатты ойлана білу-білмеу қабілеті болады.
3. Қас дұшпаныңды танығың келе ме? Айнаға қара. Соны жеңсең – қалғандары тым-тырақай қашады.
4. Достармен араласқан жанға жайлы, дұшпанмен араласқан пайдалы.
5. Қарым-қатынасты үзу мен жұмыстан шығудың бір ғана себебі бар – қалыптасқан жағдайда өз меніңді өсірудің мүмкіндігінің жоқтығы.
6. Жетілмеген тұлға көбіне біледі, бірақ жасай алмайды. Есейген адам біледі, әрі жасай алады. Сондықтан жетілмеген адам сынайды, есейген адам жасайды.
7. Достарыңмен де, дұшпаныңмен де тек қуанышыңды бөліс. Дос қуанады, дұшпан қайғырады.
8. Бақыттың соңына түспе, бақ қонған жерді тап. Сонда бақыт сені өзі табады. Бақыт қайда болатынын айта алам – ол сен. Бақытқа бастар жол – бар қабілетіңді мейлінше жетілдіру.
9. Бақыт – мүлтіксіз ұйымдастырылған қызметтің «жанама олжасы».
10. Егер біреу алғыс айта алмайды екен деп сөксе, дереу жақсылығы қанша тұратынын анықта. Ақысын төле де, ол адамнан іргеңді бөлек сал.
11. Егер біреуге бірдеңе дәлелдегің келсе, онда сен соны дәлелдегің келетін адам үшін өмір сүргенің. Өзің үшін өмір сүрсең, ешкімге ештеңе дәлелдеп жұтаудың қажеті жоқ.
12. Армандар — қабілетіміздің ішкі дауысы. Мына мен операда әнші болуды армандамаймын. Дауыс жоқ. Есту қабілетім де онша емес. Армандасам, онда менің қабілеттерім сол арманға жетелер еді. Сондықтан операға барсам дер едім. Арманды қалай жүзеге асыру керектігін ойлану керек. Бастысы – асықпау, сонда бәрі тез арада жүзеге асады. Егер адам өзі туралы: «Армандарымды жүзеге асырумен айналысып жатырмын» дей алса, өте жақсы.
13. Елдің сен туралы не ойлайтынын білгің келсе, арманың мен жоспарың туралы айтып бер. Көреалмайтындар сынайды. Ниеті таза адам жүзеге асырудың жолын көрсетеді.
14. Бір адаммен сөйлескен кезде оның өзі туралы өте жоғары пікірде екенін ұмытпа.
15. Жетістікке жет — ренішің басылады.

Аударған Шынар ӘБІЛДӘ

Басқа материалдар

Back to top button