Жаңалықтар

Прокурор Бақытгүл Хаменованы 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Атырау облысы әкімінің орынбасары өткен жылдың желтоқсан айында қамауға алынды. Ол Абай ескерткішін орнату үшін 4,5 млн теңге пара алды деп айыпталған.

Атышулы іс бойынша жарыссөз басталды. Мемлекеттік айыптаушы осы қылмысқа қатысы бар облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиевті 7 жылға соттауды, ал, пара берді деп күдікке ілінген «Балқыту» серіктестігінің директоры Өміртай Адамовқа 4 жыл жаза беруді сұрады.

Бұған дейінгі сот отырысында 9 ай бойы Хаменоваға қарсы куәлік еткен Ақылбек Рысқалиев бұған өзін антикор өкілдері мәжбүрлегенін айтқан еді.

@qazaqstantv

Басқа материалдар

Back to top button