Жаңалықтар

Прокуратура заңдылықты нығайтуды көздейді

Еліміздегі ең маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі – Конституция күні. Прокуратура органдары үшін бұл ерекше әрі маңызды мереке. Өйткені, Негізгі Заңға сәйкес, прокуратура органдарына егемен Қазақстанның бүкіл аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асыру жүктелген.

Сурет Автордын жеке мұрағатынан

Әрбір адамның, көпбалалы отбасылардың, мүгедектердің, ардагерлердің, кәмелетке толмағандардың және басқа да әлеуметтік қорғалмаған азаматтардың, кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау – прокуратура органдары жұмысының негізгі басымдығы.

Сонымен қатар, прокуратура конституциялық заңдылықты қамтамасыз етуге белсенді ықпал ете отырып, құқықтық мемлекет құруда шешуші рөл атқарады. Оның адам құқықтарын қорғауда ғана емес, қылмысқа қарсы күресте де орны бөлек.

Қазіргі уақытта құқық бұзушылықтардың алдын алуға көп көңіл бөлінуде. Қылмыстық процесте қылмысқа қарсы күрес және азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқа органдармен бірлескен іс-қимылдар азаматтардың қылмыстар туралы шағымдарын тіркеуге және қылмыс деңгейін, оның шығу тегін талдауға және оны төмендету бойынша шаралар жүргізуге мүмкіндік береді.

Соңғы уақытта қабылданған шаралардың нәтижесінде облыста қылмыс деңгейі 14%-ға төмендеді.

Есірткі қылмыстарымен, алаяқтықпен жан-жақты күрес жүргізілуде. Осы мақсатта халық үшін нашақорлықтан және алаяқтықтан қорғану бойынша ұсынымдар келтірілген қысқаша жадынамалар әзірленіп, қоғамдық орындар мен интернет-ресурстарда таратылды.

Бұдан басқа, нашақорлықтың алдын алу мақсатында телеграм-арна іске қосылды, онда азаматтар есірткіні тарату және заңсыз жарнамалау фактілері туралы хабарлай алады.

Ел Конституциясында әркімнің білікті заң көмегіне, жеке бас бостандығына құқығы бар екені, ешкімді кемсітуге, азаптауға, зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгездікке жол берілмейтіні бекітілген. Адамның қылмыстық іс бойынша мәртебесіне қарамастан, ол ұсталған, күдікті немесе айыпталушы болса да, ол Конституциямен кепілдендірілген негізгі құқықтары мен бостандықтарынан айырылмайды.

Қарағанды облысының прокуратура органдары қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

Қадағалау органы сотта мемлекеттің мүдделерін білдіреді, өздері қорғана алмайтын азаматтардың құқықтарын қорғайды. Оның мақсаты – Конституцияны сақтап, заңдылықты, жеке адамның және қоғамның құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.

Прокурорлар ден қою шараларымен 114 мыңнан астам азаматтың құқығын қорғады.

Мемлекеттің мүдделері де белсенді қорғалады. Мысалы, бюджетке 1 млрд. теңгеден астам қаражат өндірілді, 1,3 млрд. теңгеге мүлік қайтарылды, 5 млрд. теңгеге 31 заңсыз мемлекеттік сатып алуға жол берілген жоқ. Прокуратураның азаматтық істерге қатысуы нәтижесінде мемлекетке 194 млн. теңге шығын келтірудің алдын алды.

Біз жеке кәсіпкерлердің де құқығын қорғаймыз. Соңғы уақытта үш мың кәсіпкердің құқығы қорғалды. Облыста бизнесті қорғау мақсатында кәсіпкерлердің хабарламаларына жауап беретін 15 мобильді топ тәулік бойы жұмыс істейді. Қадағалау шараларымен 33 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, 97 млн. теңгеден астам қаражат қайтарылды, заңсыз тексерулер өткізген төрт лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір кәсіпкерлердің өтініштері 40 пайызға төмендеді (205-тен 126-ға дейін).

Прокуратура органдарының жұмысындағы басым бағыттардың бірі – еліміздің болашағы балалардың құқықтарын қорғау.

Біздің бастамамызбен Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша жұмысты күшейтуге бағытталған жол картасы іске асырылуда. Оқу ұйымдарында «жедел желі» ұйымдастырылды, мұнда әрбір бала құқығы бұзылған жағдайда хабарлай алады. Жедел желі тәулік бойы жұмыс істейді.

Прокуратураның мақсаты – мемлекеттік органдардың іс-қимылдарының бірлігін қамтамасыз ете отырып, мемлекетте заңдылықты нығайту болып табылады. Ол сонымен қатар, көптеген азаматтардың құқықтарына әсер ететін жаппай бұзушылықтарға қарсы тұра алады.

Қазіргі прокуратура заңдылықтың сақталуын ғана емес, сонымен бірге, Конституцияның бұзылмауын да қадағалап, заңсыз нормативтік актілерге наразылық келтіреді.

Қазақстанның қазіргі прокуратурасы заңнамадағы өзгерістерді ескере отырып, мемлекет құрылымындағы өзгерістерге кідіріссіз бейімделеді.

Басқа құқық қорғау органдарынан айырмашылығы, прокуратура қылмыс фактісін анықтаумен қатар заң бұзушылықтың орын алу жағдайлары мен себептерін талдайды. Бұл прокуратураға заңдардың әлеуметтік маңыздылығын анықтауға және олардың тиімділігін болжауға мүмкіндік береді.

Сондықтан, Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында прокуратураның мемлекет пен қоғамдағы рөлі мен орнын атап өту маңызды.

Бауыржан МЫРЗАКЕРОВ,

Қарағанды облысының прокуроры

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button