Профилактикалық жұмыстарға жұмыссыз жандар тартылады
Суға шомылу маусымы басталғалы аймақта төрт адам суға батып кеткен. Бұның бәрін мамандар демалушылардың тыйым салған жерлерге түсіп, ескертпе белгілерге назар салмағандығы деп мәлімдеуде. Осының алдын алу үшін облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев облыс әкімдігінде өткен кеңесте профилактикалық жұмыстарға жұмыссыз жүрген жандарды тартуды ұсынды.

Бүгінгі таңда өңірдің су айдындарында 363 тыйым салу және ескерту белгілері орнатылған. Алайда, аймақ басшысы ол белгілердің көмектеспейтінін айтты.
– Жазғы кезеңде су айдындарындағы профилактикалық жұмыстарды бәсеңдетуге болмайды. Адамдар демалғысы келеді. Бірақ, сіздер оларға қай жерлер қауіпті екенін жеткізулеріңіз керек. Шомылуға тыйым салу белгілер бізге көмектеспейді. Жұмыспен қамту орталықтарымен жұмыс жасап, ТЖД құтқарушылары және полициямен бірлесе профилактикалық жұмыс жүргу үшін қатарға жұмыссыз жандарды тарту қажет, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Сонымен қатар, коммуналдық жағажайларды жайластыру жұмыстарын жеделдету қажеттігін баса айтты.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz