Жаңалықтар

Проблемалар баршылық

2017 жылғы 30 наурызда облыстық әкімдіктің мәжіліс залында облыстық мәслихаттың депутаты Айман ТҮКБАЕВАНЫҢ төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезекті ҮІІІ сессиясы өтті.

Оның жұмысына облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ, облыстық мәслихаттың хатшысы Рысқали ӘБДІКЕРОВ, облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдар басшылары, облыстық департамент бастықтары, БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияда мына мәселелер қаралды:

«2017 жылғы 26 наурыздағы №25 Қарқаралы сайлау округі бойынша облыстық мәслихатқа депутат сайлауының қорытындысы туралы».

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы.

Қарағанды облысындағы орта және мектепке дейінгі білім берудің жайы және перспективалық дамуы туралы.

Басқа да мәселелер

Бірінші мәселе бойынша облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Аймағамбетов баяндама жасады.

Екінші мәселе бойынша сессия төрағасы А.Түкбаева баяндады.

Үшінші мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары Ж.Әбішев тыңдалды. Бұл салада өңіріміздің қол жеткізген табыстары барша жұртшылыққа жақсы таныс, еліміз бойынша алғашқы қатардамыз. Бүгінде облыста 520 мектепке дейінгі білім беру мекемелері жұмыс істейді, оның 18-і былтыр ғана қатарға қосылды. Жұмыс істеп тұрған 530 мектептің 8-і жекеменшік болса, 315-і ауылдық жерде орналасқан. Өткен жылғы қатарға 11 білім нысаны қосылды.

Баяндамашы көрсеткендей мектептердің жөндеуі алаңдатады. Қаржы тапшылығына байланысты, бәлкім, оны да жыл сайын арнайы қаржы бөлу арқылы істі оңалтуға болар.

Бұл баяндама бойынша жарыссөзге депутаттар С.Әдекенов, Л.Мухутдинова, Шахтинск қаласының әкімі С.Аймақов қатысты.

Күн тәртібіндегі қаралған басқа да мәселелер бойынша Қарағанды облысы табиғи ресурстарды және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Р.Төлепбаев, облыстық экономика және қаржы бөлімінің басшысы О.Чернявская, Бұқар жырау ауданының әкімі Н.Қобжанов, облыс әкімі аппаратының жетекшісі Ж.Искаков, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Е.Нұрлыбаев, депутат М.Миргаязов және басқалары қосымша баяндама жасап, жарыссөзге қатысты.

Сессияда өңір басшысы Е.Қошанов сөз сөйлеп, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық саласындағы жеткен жетістіктеріміз бен орын алған іркілістерімізге тоқталып, барша жұртшылықты алда тұрған міндеттерді бірлесіп шешуге, Елбасының тапсырмаларын бір кісідей орындауға шақырды.

Аз жұмыс атқарылған жоқ, алда атқарылар жұмыс одан көп. Проблемалар баршылық, – деді Ерлан Жақанұлы.

Сессия барлығы жиырма тоғыз мәселе қарады.

Сессия қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.

Төрехан МАЙБАС

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button