Жаңалықтар

Пришахтинскіні қоқыс басып кетті (фотоайыптау)

Пришахтинск тұрғындары көшедегі қоқыс жәшіктерінің төгілмей жатқанын айтып шағымдануда.

 

Бүгінде 22 шағынауданы, 18 үйдің жанындағы қоқыс жәшіктері тазаланбағанына бірнеше күн болған. Ал, 23 шағынауданы, 38 үйдің ауласындағы жәшіктер тіпті, арнасынан асып-төгіліп жатыр. Жәшік түгілі айналасы да қоқысқа толып қалған.

– Жауапты мекемедегілер қоқысты араға бірнеше апта салып тазалайды. Соңғы кездері жәшікті босатып кеткеннің өзінде, айналасында жиналып қалған қоқыстарды алмайды. Жел тұрса қоқыстың бәрі жанындағы балалар ойын алаңына ұшып жатыр. Бұл, тек 22 және 23 шағынауданында ғана емес, Пришахтинскідегі барлық қоқыс жәшіктері осындай күйде, – дейді тұрғындар.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button