БілімРесми

Приозёрск қаласында жаңа мектеп бой көтереді

Приозёрск қаласында “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында 300 орындық жаңа мектеп салынады. Сонымен қатар қалада балабақша салу үшін де жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

Сурет: облыс әкімдігі сайтынан

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте қала әкімі Мансұр Ахметов мәлім етті.

– Жаңа мектеп салу біздің қала үшін өте маңызды. Жоспар бойынша “Самұрық-Қазына” акционерлік қоғамы жыл ортасына қарай 300 орындық жайлы мектептің құрылысын бастайды. Сондай-ақ, 120 орындық балабақша салу жоспарлануда, бүгінгі таңда ЖСҚ әзірленуде. Жер учаскесі анықталды, – дейді қала басшысы.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button