Бас тақырыпБасты тақырып

Приозерскті 1974 жылы салынған қазандық жылытып отыр

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қалаға жұмыс сапары барысында жылу беру маусымына дайындықты тексерді.  № 1 қазандықта болып, инфрақұрылым мен құрылыс нысандарын аралады. 

Суреттерді түсірген Александр Марченко

Қаланы жылумен жабдықтаудың негізгі объектісі № 1 қазандық – 1974 жылы салынған. Ол жыл сайын 191 520 Гкал жылу өндіреді, бұл қаланы тұрақты жабдықтауға мүмкіндік береді. 

Нысанда № 2 және 3 қазандықтар, жылу алмастырғыш, экономайзер, аккумуляторлық бак және ғимараттың шатыры жөнделуде.

Сондай-ақ оқшауланған жылу трассалары жаңартылады. Жоспарланған 2 шақырымның 1,7 шақырымы ауыстырылды. Ұзындығы 750 метр болатын тұрғын үйлердің құбырларында жұмыстар жүргізілуде. Су құбыры мен кәріз учаскесінің бір километрі ауыстырылуда.

Ермағанбет Бөлекпаев қалада салынған 20 пәтерлі үйде болып, басқа да нысандарды аралады.

– Қазір басты міндеттердің бірі – жылыту маусымына дайындық. Барлық жұмыстар сапалы және мерзімінде орындалуы тиіс, тұрғындар осы маусымда өз нәтижелерін сезінуі тиіс, – деп атап өтті өңір басшысы.

Аймақ басшысы дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін аралады.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button