АймақПриозерск

Приозерскте пәтерлер тапсырылды

Приозерск қаласында әлеуметтік осал санаттағы тұрғындарды қолдауға бағытталған игі бастамалар нақты жүзеге асуда. Жуырда әлеуметтік осал санатқа жататын үш отбасыға жаңа пәтердің кілті табысталды. Сондай-ақ, қаланың денсаулық сақтау саласын дамыту және кадр тапшылығын азайту мақсатында Орталық ауруханаға сырттан келген дәрігер мамандарға қызметтік тұрғын үй ретінде үш бөлмелі пәтердің кілті берілді.

Суреттер автордан

Салтанатты шара барысында қала әкімі Мансұр Ахметов қоныс иелерін құттықтап, алдағы жоспарларға тоқталды. Оның айтуынша, өткен жылы жалпы аумағы 1 200 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлерді пайдалануға берілген. Қала тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеруге, әлеуметтік осал топтарды қолдауға және Приозерск қаласын заманауи әрі қолайлы қалаға айналдыруға бағытталған жұмыстар жүзеге асырылуда. Тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары биылғы жылы да жалғасын табады. Қазіргі таңда Транспортная көшесі, 3 мекенжайында орналасқан бұрынғы қонақүй ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Жоба аясында ғимарат 24 пәтерлі заманауи тұрғын үйге айналмақ. Құрылыс аяқталғаннан кейін қала тұрғындары барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, жайлы әрі қауіпсіз баспаналарға қол жеткізеді.

Нұрдос КӘРІМ
«Ortalyq Qazaqstan»

ПРИОЗЕРСК

Басқа материалдар

Back to top button