АймақПриозерск

Приозерскте 8 шақырым жол жөнделеді

Приозерск қаласында биыл 9 көшедегі 8 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін облыстық бюджеттен 381 млн. теңге бөлінбек. Бүгінгі таңда мамандар жоспарға сәйкес жөндеуден өтетін жолдардың ескі асфальт жабынын алып, қиыршық тас төсеуде. Ал, жұмыстар толық шілде айында аяқталады деп жоспарлануда.

 

«Транспортная», «Достық», «Тищенко», «Дружба» көшелеріндегі асфальт қалыпқа келтіріледі. Мердігер компания «асфальттің қалыңдығы 6 см, әрі барлық жағынан техникалық талаптарға сай болады» дейді.

– Жөндеу жұмыстары «Бәйтерек», «Жартытөбек», «Ағыбай батыр», «Пушкин» және тағы да сол сияқты 9 орталық көшеде жүргізіледі. Жұмыстар 15 маусымда басталады. Жергілікті тұрғындардан 10 адамды жұмысқа тарттық. Қаржылық кедергілер жоқ. Мердігер білікті. Барлығы кесте бойынша жүргізілуде. Орташа жөндеу жүргізілетін жолдарды қалыпқа келтіру үшін тағы да мамандарды жұмысқа тарту керек. Жұмыс толық біткен соң жол сапасы тексерілетін болады, – деді Приозерск қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ерлан Жаманбаев.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button