Приозерскіліктер әлеуметтік желі арқылы жұртты сайлауға шақыруда

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, Приозерск қаласында да сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Жергілікті тұрғындар Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауынан қалыс қалмау керектігін айтып, әлеуметтік желілеріне жазба қалдырса, кейбіреуі «дауыс беруге асығыңыздар» деген бейнежазбаларын жариялап жатыр.

Приозерск қаласында тұрғындардың дауыс беруге қатысуы белсенді түрде ұйымдастырылуада. Мұны бақылаушы Жасұлан Жақыпов әлеуметтік желі арқылы мәлімдеді.

–№260 сайлау учаскесі өз жұмысын уақытымен, барлық талаптарға сай бастады. Сайлаушылар келіп, өз дауыстарын беруде. Сайлау үдерісі әділ өтіп  жатыр, – деді ол.

Сондай-ақ, №260 дауыс беру учаскесінде дауыс беру қорытындылары шығарылғанға дейін сайлаудың әділ өтуін бақылайтындығын айтты.

Осы сайлаудың  нәтижесі халқымыздың ынтымағы, еліміздің гүлденуі мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқатының өсуіне оң әсер беретініне сенімі зор екендігін Приозерск қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарас Қарамысова әлеуметтік желіде бейнежазба арқылы жеткізді.

–Құрметті жерлестер! Міне, бүгін сайлауға барып өз таңдауымды жасап келе жатырмын. Сіздердің де бір жұдырықтай жұмылып, сайлауға барып өзіңіздің болашағаңыз үшін дауыс берулеріңізді сұраймын, – деді Жарас Қармысова.

Қаланың басқа да белсенділері интернет-аудитория дегеніміз – көп мыңдаған сайлаушыларымыздың ортасы екендігін тілге тиек етті.

Айта кетейік, Приозерск қаласында төрт сайлау учаскесі орналасқан.

Нұрдос КӘРІМ.

ПРИОЗЕРСК қаласы.