Приозерск

Приозерск халқы ағаш екті

Приозерск қаласының халқы да «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясына белсенді қатысып, 250 түп тал екті. Мыңдаған адам қаланы абаттандыру жұмыстарына жұмылды.

Шағын шаһардың сәулеті күн санап артып келеді. Көзіміз көрді. Қала халқының аузынан естідік. Жергілікті атқарушы биліктің жоспарды жүйелі құрып, істі тиянақты жүргізуінің нәтижесі – бұл.

Қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Темірхан Айдархановтың айтуынша, қаланы абаттандыру мен санитарлық тазалықтың екі айлық жоспары 7 учаске бойынша жүзеге асырылуда. 6 сәуір мен 8 маусым аралығында 2 облыстық, 6 қалалық сенбілік және 8 «таза бейсенбі» өткізілуі тиіс. Көл жағалауындағы қоқысты жинау да жоспарға енген.

– Қала бойынша бүгінгі күнге дейін барлық мемлекеттік мекемелерге – 42, кәсіпкерлерге 22 көріктендіру паспорттары берілді. Осы бекітілген құжат бойынша олар жол жиектерін және жасыл желектерді күтіп ұстауы қажет, – деді Т.Айдарханов. Сондай-ақ, қаладағы «Қалқан» және «Арай» мекемелері тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыруға мүдделі. Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігіне қарасты Кисунько және Космонавтар көшелері бойындағы үйлердің тұрғындары да аулаларының қоқысын жинаған.

Басқа материалдар

Back to top button