Приозерск гарнизоны әскери резервшілерді қабылдады
Әскери жиын 23 шілдеде 23 тамыз аралығында «Сарышаған» полигонына өтеді, жауынгерлік дайындық кестесіне байланысты жеті жүзге жуық резервші білімін шындайды.
«Сарышаған» оқу-жаттығу полигонына әскери міндеттілер Қарағанды, Ұлытау облыстарынан келді. Бұл ағымда 42 әскери-есептік мамандық өкілдері өз білімдері мен дағдыларын жаңартады. Бір ай ішінде артиллериялық бөлімшелердің мамандары қайта даярлаудан өтеді.
Жалпы жиындар әскери бөлімдердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігінің деңгейін арттыруға, ерекше кезеңде Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды өрістету үшін қажетті әскери оқыту резервін дайындауға және запаста жинақтауға бағытталған.
Естеріңізге сала кетейік, әскери міндеттілер үшін әскери жиындар кезінде жұмыс орны мен атқаратын лауазымы сақталады.
Бұдан басқа, олар орташа айлық жалақыны мемлекет есебінен алады, ал жұмыс істемейтіндер – ең төменгі жалақы – 85 мың теңге мөлшерінде алады.
Думан ЖҰМАШҰЛЫ,
Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы.