АймақПриозерск

Приозерск гүлденіп келеді

Облыс әкімі Балқаш қаласына сапары барысында Приозерск қаласына ат басын бұрды. Бүгінде қалада 210 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Бұл нысанның қажеттілігі жайында қала тұрғындары бірнеше мәрте облыс әкіміне хат жазған болатын. Енді тұрғындардың өтініш-тілегінің нәтижесінде құрылыс басталып, 2024 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Суреттер: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Ермағанбет Бөлекпаев жұмыс сапары барысында жұмыскерлерге құрылыс кестесінен қалыс қалмауын және сапаны да басты назарда ұстауын қадап айтты. Жазда қаладағы стадионды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетінін де баса айтты. Тағы бір үлкен мәселе – қаладағы балабақшаларда орынның тапшылығы. Аймақ басшысы осы мәселені бақылауда екенін айтып, тиісті органдарға тапсырма берді. Сонымен қатар, депутаттар мен қала тұрғындарымен жүздесіп, қаланы көркейтудің, дамытудың жоспарын талқылады.

– Біз «Балбөбек» балабақшасына қосымша құрылысты кеңейту туралы шешім қабылдадық. Орын саны – 120-ға ұлғайтылады. Осы бағытта тапсырмалар бердім. Биыл біз осы балабақшаға қосымша жоба әзірлейміз. Келесіде аумақты кеңейту және абаттандыру арқылы күрделі жөндеуді аяқтаймыз, – деді облыс әкімі.

Приозерск тұрғындарын әлі күнге дейін жол, абаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселесі алаңдатып отыр. Одан қала берді білім беру және денсаулық сақтау саласында да айтарлықтай мәселе бар. Мәселенің мән жайымен танысқан облыс әкімі алдағы уақытта шешілетінін айтты.

– Бүгінгі таңда ең бастысы – №1 қалалық қазандықты жаңарту. Қазірдің өзінде жұмыс жүргізілуде. Екі жаңа қуатты жылу алмастырғыш орнатылып, жаңа қазандық сатып алынды. Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін қазандықта жұмыс жалғасады. Және келер жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қалада 300 орындық заманауи оқу орнының құрылысы басталады, – деп атап өтті облыс әкімі.

Приозерск қаласының әкімі Сапар Сатаев биыл жөнделетін жолдың жөндеу жоспарымен бөлісті. Мәселен, «Б.Момышұлы», «Абай», «Ғарышкерлер», «Бәйтерек», «Алаш», «Қосшы», «Достық» көшесінің негізгі бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Сондай-ақ, облыс әкімі Сарышаған қаласына барып, екі мектепті аралап көрді. Оның біреуіне жөндеу жұмыстарының қажет екенін де айтты. Кентті дамыту жөнінде біршама тапсырмалар берді.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button