Аймақ

Приозерск қаласында сүңгуірлердің Республикалық оқу-жаттығуы басталды

12 маусым күні Приозерск қаласының құтқару бөлімшесінің базасында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің сүңгуірлерді даярлау бойынша оқу-жаттығудың бірінші кезеңі басталды.

Іс-шараның ресми бөлігі Абай облысында өртте қаза тапқандарды еске алу үшін бір минут үнсіздікпен басталды.

Қарағанды облысының ТЖД ТЖ жою басқармасының бастығы Нұржан Жақатаев пен Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Дастан Сәденов іс-шара жиынына оқу-жаттығуына қатысушыларға  сәттілік тіледі.

Сүңгуірлер оқу-жаттығуын өткізу жоспарына сәйкес оқыту кезеңінде қауіпсіздік техникасы және тәртіпті сақтау бойынша нұсқаулық өткізді. Бірінші күні қатысушылармен сабақ кестесі және күн тәртібімен танысу болды.

Оқу-жаттығуға еліміздің тоғыз өңірінен барлығы 12 құтқарушы сүңгуір қатысуда.

Приозерск қаласының құтқару станциясы сүңгуірлерді дайындаудың дәстүрлі алаңына айналды. Мұнда жыл сайын сүңгуірлер жиналады. Теориялық және практикалық сабақтарды ұйымдастыру үшін құтқару станциялары базасында қажетті тренажерлер мен оқу орындарының элементтері, сондай-ақ Балқаш көлінің техникалық бассейні мен акваториясы бар.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button