Ресми

Приозерск қаласында дауыс бергендер үлесі – 55, 16 пайыз

Приозерск қаласында дауыс беру бюллетеньдері толық саналды. Қалалық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлауға жалпы 4 кандидат ұсынылған. Сайлау барысында ешқандай заң бұзушылықтар анықталмаған.

– Бүгін Президент реформасы жемісін беріп, халық әкімін таңдады. Сайлау кезінде 11 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Сайлаушылардың нақтыланған тізімінде Приозерск қаласында сайлаушылар 6534 адамды құрады. 3516 сайлаушы дауысын беріп, таңдау жасады.  Учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізіндегі сайлау қорытындысында сайлаушылардың 55, 16 пайызы дауыс берді, – деді Приозерск қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Бекзат Сәрсембеков.

Нұрдос КӘРІМ.

ПРИОЗЕРСК.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button