АймақБалқашБас тақырыпБасты тақырып

Приозерск қаласында 1 376 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Балқаш көлінің жағасында орналасқан Приозерск қаласы бүгінгі таңда дамудың жаңа белесіне көтерілді. 1956 жылы қаланған шағын шаһар бір кездері «Сарышаған» ғылыми-зерттеу полигонының әкімшілік орталығы болып, зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін сынауда маңызды рөл атқарған. Өткенінің мақтанышы мен бүгінгі өрлеуі – қаланың тарихи мәні мен заманауи дамуын айқын көрсетеді. Қала тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту және әлеуметтік-экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету бағытында ірі жобалар қолға алынған. Осы маңызды мәселелер мен Приозерск қаласының болашақ жоспарлары жайлы біз қала әкімі Мансұр Ахметовпен сұхбаттасқан едік.

Суреттер автордан

– Мансұр Талғатұлы, 2025 жылы қалада құрылыс және әлеуметтік сала бойынша қан- дай маңызды жұмыстар атқарылды?

– Сұрағыңызға рақмет. 2025 жыл біздің қала үшін инфрақұрылымдық және әлеуметтік маңызды белес болды. Ең басты жобамыз – Приозерск қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу. Бұл жоба спортты дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, кешен тәулігіне 519 адамға қызмет көрсете алады, 210 орындық залы бар, жалпы ауданы – 2 441 шаршы метр. Бастапқы жоспар бойынша нысанды мерзімінде аяқтау мүмкін болмады. Сол себепті мердігерге қатысты Қарағанды экономикалық сотына талап арыз жолданды. Алайда, мердігер 2025 жылы қосымша қаржы бөлінбестен құрылыс жұмыстарын жалғастырды. Осы жағдайға байланысты келісімшарт 2025 жылдың тамыз айына дейін ұзартылды. Қазіргі уақытта кешен толықтай аяқталып, нысанды әділет органдарында тіркеу жұмы-
стары жүргізілуде. 2023 жылы басталған инженерлік-коммуникациялық ин- фрақұрылым құрылысы дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 500 орындық мәдениет үйін қамтиды. Құрылысқа жалпы 132,6 млн теңге жұмсалады. 2023 жылы облыстық бюджеттен 50 млн теңге бөлініп, толық игерілді. Ал, 2024
жылы қосымша 82,6 млн теңге қарастырылды. Бірақ, құрылыс қайта басталмады, бөлінген қаражат бюджетке қайтарылды. 2025 жылы қаладағы инфрақұрылымды жаңғырту мақсатында Бәйтерек көшесі бойынша кәріз желілерін салуға 85,7 млн теңге, ал, көше жарығын орнатуға 17,3 млн теңге бөлінді. Қазіргі  таңда бұл жұмыстар қарқынды. Сонымен қатар, «Казтехнология» ЖШС жобалау ұйымымен жылу және кәріз желілерін реконструкциялау үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, құны 90млн теңге болатын жоба мемлекеттік сараптамаға тапсырылды. Қаржыландыру мәселелері шешілген соң 2026 жылы осы
жобаны жүзеге асыру бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары басталады.

– Бұқараны баспанамен қамту мәселесінің мәнісі қалай?

– Қарашадағы жағдай бойынша қалада 1 376 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш жоспардан айтарлықтай көп. Дәлірек айтсақ, 163,4%-ға артық. Бастапқы жоспар 1 200 шаршы метр болатын. Тұрғын үйлердің уақытылы қолданысқа берілуі қала тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға, әлеуметтік осал топтарды қолдауға және Приозерск қаласын жайлы әрі заманауи қалаға айналдыруға ықпал етеді.
Әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары 2026 жылы да жалғасады. Қазіргі уақытта Транспортная көшесі, 3 мекен-жайында орналасқан бұрынғы
қонақүй ғимаратын 24 пәтерлі заманауи тұрғын үйге айналдыруға бағытталған реконструкция жұ- мыстары қарқынды жүргізілуде.
Жоба аяқталған соң қала тұрғындары жайлы, қауіпсіз және барлық қажетті инфрақұрылыммен қамта-  масыз етілген жаңа пәтерлерге қол жеткізеді.

– Білім беру саласында қан- дай жаңалықтар бар?

– Білім беру – қаламыздың стратегиялық басымдығының бірі. Қазіргі таңда Приозерск қаласында екі мектеп, екі балабақша және бір қосымша білім беру орталығы өз қызметін атқаруда.
Мектептерде 1 964 оқушы білім алса, балабақшаларда 456 бала тәрбие мен дамудың алғашқы қадамдарын үйренуде. Барлық білім беру нысандарына генераторлар орнатылып, электрмен
жабдықтау тұрақтылығы қамтамасыз етілді. Мектептерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, зама- науи қауіпсіздік камералары мен күзет жүйелері жаңартылды. 1-4 сынып оқушыларының 812-сі тегін ыстық тамақпен қамтылған. Барлық оқушылар мектепке тегін жеткізіліп, олардың оқуға толық қолайлы жағдайы жасалған.

– Әлеуметтің әлеуетін арттыру да маңызды десек, бұл бағыттағы игі істердің легі қалай?

– Осы жылдың алғашқы жеті айында қала билігі әлеуметтік қолдауға 205 млн теңге бөлді. Бұл қаражат 103 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталды. Сонымен қатар, 65 азаматқа
жалпы 7,3 млн теңге көлемінде материалдық көмек берілді.
Инклюзивті қызметтер арқылы 147 мүгедектігі бар азамат қолдау тапты. 31 адамға санаторийлік ем ұсынылды. Бұл көрсеткіштер – әлеуметтік жауапкершілік пен қаланың тұрғындарға қамқорлығы- ның нақты көрінісі. Ал, елдің ертеңі жастарға келсек, қалада 14-35 жас аралығындағы 3 159 жас бар. «Жа- сыл ел» еңбек жасағына 100 жас жіберіліп, олар қала мен ауылдық аймақтарда өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, жыл ішінде
265 жұмыс іздеген жастың 200-і тұрақты жұмыспен қамтылды. Жастар кәсіпкерлігін қолдау бағытында да маңызды қадамдар жасалды. Қала әкімінің гранты алты жас кәсіпкерге беріліп, жалпы 12млн теңге қаражат бөлінді. Бұл қаржылай қолдау олардың өз ісін дамытуына мүмкіндік берді және жас кәсіпкерлердің белсенділігін арттырды.

– Жаңа жылда қандай жаңа жоспар мен жаңа жоба іске асырылмақ?

– Біз жыл бойы қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған бірқатар ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды іске асырдық.
Денсаулық сақтау, тұрғын үй, инженерлік желілер, спорт және мәдениет саласындағы жұмыстар – барлығы тұрғындардың белсенді қатысуымен, қолдауымен жүзеге асты. 2026 жылы да біз осы бағыттарды жалғастырып, Приозерск қаласын жайлы, заманауи және дамыған қалаға айналдыруды мақсат етеміз.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан
Нұрдос КӘРІМ
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button