Бас тақырыпРесми

Президенттің жаңадан тағайындалған баспасөз хатшысы қызметінен кетті

Нұрмұхамед Байғараев өз өтініші бойынша Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.


– Кеше денсаулығыма қатысты оқыс жағдайдан соң дәрігерлерге тексерілуге мәжбүр болдым. Толық тексерістен кейін сырқаттың белгісі байқалды. Дәрігерлер ұзақмерзімді ем-домды бірден бастауды, оны тұрақты қабылдауды және бастысы – ұшақпен ұшуды белгілі бір уақытқа дейін тоқтатуды талап етті.
Шыны керек, мұндайды өзім де күтпедім. Жоспар басқаша еді. Өткен аптада кіріскен қызметіме біліміммен, біліктілігіммен дайын едім. Баспасөз қызметін жетілдіруге, одан әрі ашық етуге қатысты бірнеше идея, бастамаларым бар еді. Алайда «денсаулық – бірінші байлық» деп бекер айтпаған. Сондықтан қандай қызмет болса да, ең алдымен, уақыт өткізбей, толық емделіп алу қажет деп таптым. Осыған орай Президент баспасөз хатшысы қызметін қазір тоқтата тұруыма тура келеді, – деп жазды Н.Байғараев.

Еске сала кетейік, Нұрмұхамед Байғараев бұл қызметке бес күн бұрын ғана тағайындалған еді.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button