Бас тақырып

Президенттің Олимпиада жүлдегерлерімен кездесуі кейінге шегерілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Олимпиада құрамасының медаль иегерлерімен кездесуі кейінге қалдырылды. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесші-баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Сурет: akorda.kz

Бұған дейін Президент Париж олимпиадасының жүлдегерлері мен жаттықтырушылар құрамын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

– Қасым-Жомарт Кемелұлы сол күні олармен кездеседі деп жоспарланған болатын. Өкінішке қарай, спортшылар мен жаттықтырушылардың жартысында COVID-19 вирусы анықталды, бұл кездесуді кейінге қалдыруға мәжбүр болдық. Барлығына тезірек сауығып кетуін тілейміз. Кездесу міндетті түрде тамыздың соңында Ақордада өтеді деп жоспарланып отыр, – деді Берік Уәли.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button