Ресми

Президентке жаңа Премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайды  Оrtalyq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сурет: orda.kz

Мемлекет басшысына «AMANAT» партиясының атынан Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды.

Басқа материалдар

Back to top button