Бас тақырыпРесми
Президентке Бурабай, Марқакөл, Ортекенің ЮНЕСКО тізіміне енгенін растайтын сертификаттар табысталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЮНЕСКО-ның бас директоры Одрэ Азулені қабылдады, деп хабарлайды ortalyq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Одрэ Азуле Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Бурабай» және «Марқакөл» қорықтары биосфералық резерваттардың жаһандық желісіне, сондай-ақ «Ортеке» музыкалық-қуыршақ өнері ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгенін растайтын сертификаттарды табыстады.