Ресми

Үш ауысымды оқыту мәселесін шешу үшін Қазақстанда 232 жаңа мектеп салынады – Мемлекет басшысының Жолдаудағы тапсырмаларын іске асыру

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру аясында Үкімет орта білім жүйесін жаңғырту бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатыр. Негізгі міндет – әрбір бала үшін білімнің қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету. Оқушы орындарының тапшылығы мен үш ауысымды оқыту мәселесін шешу мақсатында 232 жаңа мектеп салынуда, оларды 2025 жылы пайдалануға беру жоспарланған. 

Инфографика Үкімет

Инфрақұрылымды дамытуға қоса, білім берудің мазмұнына да ерекше мән берілуде. Функционалдық сауаттылықты арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың арқасында Қазақстан беделді халықаралық PISA рейтингінде топ-50 елдің қатарына кірді. Қазақстандық оқушылардың жоғары деңгейдегі даярлығын халықаралық олимпиадалардағы жарқын жетістіктері де дәлелдейді – олар 1 мыңнан астам медаль иеленді.

Баршаға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге айрықша назар беріліп отыр. Бүгінде мектептердің 90%-да инклюзивті білім беруге қажетті жағдай жасалған. Сонымен қатар барлық мектеп оқулықтары 100% электронды форматқа көшірілді. Бұл заманауи оқу материалдарын оқушыларға тұрғылықты жеріне қарамастан қолжетімді етті.

ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button