Ресми

Президент Жолдауын іске асыру: ғылымды қаржыландыру нақты сектормен байланысты арттыру үшін 3,3 есеге көбейді

Үкімет Президенттің ғылымды елдің экономикалық дамуының қозғаушы күшіне айналдыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруда.
Инфографика Үкімет
Осы жұмыс аясында ғылыми қоғамдастықты қолдау бойынша жүйелі шаралар қабылданды. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда ғылымды қаржыландыру 3,3 есеге өскенін хабарлады. Бұл 809 ғалымды әлемнің жетекші орталықтарына тағылымдамаға жіберуге және материалдық-техникалық базаны ауқымды жаңартуды бастауға мүмкіндік берді. Тиімді ғылыми экожүйені құру үшін Мемлекет басшысының жанынан Ұлттық Ғылым академиясы мен Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңес құрылды. Зерттеулерді экономиканың практикалық қажеттіліктеріне бағыттайтын «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заң қабылданды. Ғалымдарды тікелей қолдау — олардың жалақысының 18%-ға өсуінен және ғылыми атақтар үшін берілетін үстемеақылардың өсуінен көрінеді. Ғылым мен өндірістің байланысына ерекше назар аударылады. Ғылыми әзірлемелерге инвестиция салатын бизнес үшін 150% салық шегерімі қарастырылған. Нақты сектормен бірлесіп орындалған жобалардың үлесін 2025 жылы 20%-ға жеткізу міндеті қойылды. Бұл шаралар ғылыми жаңалықтарды коммерцияландыруды қамтамасыз етуге және Қазақстанның технологиялық егемендігін нығайтуға арналған.
– Біздің барлық ғалымдар қазір ірі кәсіпорындармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Өткен жылы осындай тоғыз арнайы кездесу өтті, оған 400-ден астам маман қатысты. Нәтижесінде Қазақмыс, ERG, Қазатомөнеркәсіп, Қармет, Қазмырыш сияқты ірі компаниялардың мамандарымен бірлесіп 100-ден астам ғылыми мәселелер әзірленіп, 10 ғылыми тапсырма бекітілді, – деп атап өтті министр. 
ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button