Бас тақырыпБілім

Президент жарлығымен Қарағанды зерттеу университетіне «Ұлттық» атағы берілді

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетіне «ұлттық» атағы берілді. Бұл – еліміздегі осындай мәртебеге қол жеткізген он сегізінші жоғары оқу орны.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

1938 жылы негізі қаланып, 1972 жылы университет атағы берілген білім ордасы  бүгінде еліміздің ең ірі және беделді жоғары оқу орындарының бірі саналады. Университет гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық және әлеуметтік-экономикалық бағыттарда мыңдаған маман даярлап келеді. Университет Қазақстан Республикасындағы үздік көпсалалы оқу орындарының қатарында. 2015 жылдан бастап QS World Universities Rankings әлемдік рейтингісіне, Webometrics және QS Asia халықаралық рейтингтеріне кіріп, сондай-ақ, халықаралық Webometrics рейтингінде Қазақстандағы 127 жоғары оқу орнының ішінде үздік ондықта.

– Оқу орнының ұжымы мен студенттерді осы маңызды оқиғамен құттықтаймын. Бұл оқу орнының жетістіктерін жоғары бағалау ғана емес, сонымен қатар ғылым, білім және кәсіби өсудің жаңа мүмкіндіктері, – деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

«Ұлттық» мәртебесі – оқу орнының ғылыми-зерттеу, білім беру және инновациялық қызметтегі жетістіктеріне берілген жоғары баға. Бұл атақ университетке қосымша мүмкіндіктер ашпақ. Мәртебені алу тек университет ұжымының еңбегін мойындау ғана емес, бүкіл Қарағанды өңірінің ғылыми және білім беру әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button