ЖаңалықтарПрезидент
Президент: Тарифтің төмен болуы халыққа пайда әкеледі деген түсінік – қате
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тариф саясатына қатысты қоғамда қалыптасқан қате түсінікке назар аударды. Президенттің айтуынша, тарифтің төмен болуы қарапайым халыққа автоматты түрде пайда әкеледі деген сенімнен арылатын уақыт жетті.

Бұл туралы Президент 5 қаңтар күні «Turkistan» газетіне берген сұхбатында мәлімдеді. Мемлекет басшысы тарифтердің жасанды түрде төмен деңгейде ұсталып келуі инфрақұрылымның тозуына, қызмет сапасының төмендеуіне және жүйелі проблемалардың қордалануына әкелгенін атап өтті.
Президенттің пікірінше, тариф саясаты экономикалық тұрғыдан негізделуі тиіс және бұл бағытта қабылданатын шешімдер ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталуы қажет.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz


