Бас тақырыпБасты тақырып
Президент: «Су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын жасау керек»
Мемлекет басшысы Жолдауында қазір құзырлы органдарда еліміздегі су ресурстарының қолжетімді көлемі туралы нақты мәлімет жоқ екенін атап өтті.

–Суды есепке алу технологиясы әбден ескірген. Суды бөліп тарататын орындарда қазіргі заманға сай құрылғылар жоқ. Шын мәнінде, су – стратегиялық маңызы бар ресурс, сусыз өмір жоқ. Сондықтан бұл сала ұлттық цифрлық жаңғыру жұмысындағы басты бағыттың бірі болуға тиіс. Су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын жасау керек, – дейді Мемлекет басшысы.
Аяулым СОВЕТ