Жаңалықтар

Президент стипендиясы – жерлесімізде

        Кеше ғана Астанадан сүйіншілі хабар жетті. Филология ғылымдарының докторы, прафессор, ақын Қойлыбай АСАНОВ ҚР Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегері атанды.

      Президент стипен­дия­сы­­ның бәсі биік екені айтпаса да белгілі. Оның ел өнері мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан тұлғаларға ғана берілетіні тағы аян. Қалың қазақ арасынан үздіктер санатынан көрінгенін былай қойғанда, аталған сыйақының Қойлыбай ағамызға бұйыр­ғаны – Арқа жұр­тының мерейі мен абыройы емей немене?!

      Бұл сыйдан құралақан қал­ған аймақ, облыстар қаншама. Бұған дейін айтыс өнерінің ақпараттық, публицистикалық сыр-сипатын ашып, ғылыми айналысқа енгізген ақынның елді өлеңдер жинағымен елең еткізгенін білеміз. Ақындық пен ғалымдық – ұлағатты ұс­таздың қос қанатты пырағы. Президент стипендиясын осылай пырағы барлар еншілесе керек.

Жәнібек ӘЛИМАН

Басқа материалдар

Бір пікір

  1. Құтты болсын! Айтайын дегенім: басқа мәселе. Газеттің жоғары жағындағы 1981 жылы Қызыл ту ордені берілді деген сөйлемді алып тастаңыздаршы. Сол Қызыл ту газеттің абыройын асырып тұр ма? Тарих екені белгілі, бірақ оның дәуірі келмеске кетті. Сол себепті білдей аймақтық басылымның желкесіне жарқыратып жазып қоюдың кімге керек бар?

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button