Бас тақырыпБасты тақырыпПрезидент

Президент: «Спорт федерациялары тек мемлекетке қарап отырмауы керек»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев спорт саласындағы жауапкершілік пен қоғам алдындағы міндет туралы айтты. “Мемлекет басшысы тек бюджет қаржысына иек артатын спорт федерацияларының басшыларын сынға алып, олардың белсенділік танытып, өз қаражаттарын спортты дамытуға жұмсауы қажет екенін атап өтті” деп хабарлайды Ortalyq.kz http://t.me/aqorda_resmi  Ақордаға сілтеме жасап. 

Сурет Ақорда

– Кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілер спортқа тек абырой жинайтын алаң ретінде қарамауы тиіс. Өкінішке қарай, кейбіреулер спортшылардың жетістігін өз жеңісі деп қабылдайды. Мұндай көзқарасқа жол берілмеуі керек. Бұл мәселе бойынша жан-жақты талдау жүргізуді тапсырдым, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев спорт федерациялары мен Төтенше жағдайлар министрлігінің өзара байланысын нығайту қажеттігін де айтты. Оның пікірінше, құтқарушылар өскелең ұрпаққа тәртіп пен салауатты өмір салтының үлгісін көрсетуі тиіс.

– Оқу орындарына Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің қамқорлық көрсету тәжірибесін енгізу маңызды. Құтқарушылар спортты насихаттау арқылы жастардың рухын көтеруге үлес қоса алады. Бұл – стратегиялық маңызы бар бағыт, – деді Мемлекет басшысы.

Президент спорт және дене шынықтыруға қолдау көрсетуді құрметті қоғамдық миссия және азаматтық жауапкершілік деп атады.

– Ел ішінде және шетелде атақ жинау үшін федерация басқару дұрыс емес. Мемлекет кәсіпкерлерді қолдайды, бірақ олар да қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі керек. Туризм және спорт министрлігі мен федерациялар арасында нақты, тең диалог орнауы тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы спорт саласын коммерцияландыру мәселесіне де тоқталып, кәсіпкерлердің бастамаларын ынталандыру мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты екенін айтты.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button