Ресми

ОСК алдын ала нәтижесі: Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31% дауыспен жеңіске жетті

Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады. Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31% дауыспен жеңіске жетті. Яғни, 6 456 392 адам дауыс берген. 

Қазақстанда 11 953 465 адам сайлауға қатысуға құқылы болса, соның 8 300 046-сы сайлауда дауыс берген. Айталық:

Қасым-Жомарт Тоқаев – 81,31%

Жигули Дайрабаев – 3,42%

Қарақат Әбден – 2,60%

Мейрам Қажыкен – 2,53%

Нұрлан Әуесбаев – 2,22 %

Салтанат Тұрсынбекова – 2,12 % дауыс жинады.

Басқа материалдар

Back to top button