Бас тақырыпПрезидент

Президент ҚР ҚК Бас штабы бастығына ықтимал әскери қатерлерге талдау жүргізу жұмысын күшейтуді тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы Мұрат Бектановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігінің жай-күйі және елдің қорғанысы жөніндегі жоспарлы шараларды іске асыруға қатысты Бас штаб тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ықтимал әскери қауіп-қатерлерді талдау және Қарулы Күштерді одан әрі нығайтудың тұжырымдамалық тәсілдерін әзірлеу жөніндегі жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, М.Бектанов Қазақстан Президентін осы күндері өтіп жатқан «Айбалта-2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы туралы хабардар етті.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы әскери саясат саласындағы мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру, әскери тәртіп деңгейін арттыру, сондай-ақ, өткізілетін оқу-жаттығулардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Басқа материалдар

Back to top button