Президент Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады

Мемлекет басшысына министрліктің қазіргі қызметі мен алда атқаратын жұмыстарының перспективалары туралы баяндалды.

Аида Балаева:

– министрлікті қайта құру нәтижелері, сондай-ақ мәдениет, ақпарат, дін, этносаралық қатынастар, азаматтық қоғам, отбасы және жастар саясаты салаларын дамытуға бағытталған жаңа жобалар жайында мәлімет берді;
– креативті индустрияны дамытуға, кино және кітап салаларын жетілдіруге, сонымен қатар бірқатар заң жобасын әзірлеуге қатысты жұмыс жоспарын таныстырды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке аталған бағыттарды одан әрі ілгерілету жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.