Бас тақырыпБасты тақырып

Президент Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілеттіліктерін кеңейтетін өзгерістерді бекітті

Қазақстан Президенті 1996 жылғы 1 сәуірдегі №2922 «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы» Жарлыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі құжатқа қол қойды. Бұл өзгерістер ҰҚК-ның қаржылық мониторинг және мемлекеттік материалдық резервтерді басқару саласындағы өкілеттіктерін кеңейтеді деп хабарлайды https://ortalyq.kz тілшісі https://baq.kz – ке сілтеме жасап. 

Сурет ҰҚК баспасөз қызметінен

Жаңартылған ережеге сәйкес, ҰҚК заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру, терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды болдырмау бағытында уәкілетті орган сұратқан мәліметтерді өз ақпараттық жүйелерінен ұсынатын болады.

Материалдық резервтер саласындағы жаңа өкілеттіктер:

• материалдық құндылықтардың номенклатурасы мен сақтау көлемі бойынша ұсыныстар әзірлеу;
• мобилизациялық резервтен құндылықтарды қарызға беру немесе жаңарту тәртібімен шығару мәселелерін шешу;
• материалдық құндылықтарды сақтау, жаңарту және мемлекеттік органдар арасында тасымалдауды ұйымдастыру;
• резервтерді сақтау мен қалыптастыру шығындары бойынша Үкіметке ұсыныстар дайындау.

Жарлықтың негізгі нормалары 9 желтоқсаннан бастап күшіне енді. Материалдық резервтерге қатысты жекелеген тармақтар 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button