Президент Әкімшілігінің құрылымы қайта құрылды

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымын қайта құру туралы Жарлыққа қол қойды.


Осы құжатқа сәйкес Президент Әкімшілігінің жаңартылған құрылымына келесі лауазым иелері кіреді:
Президент Әкімшілігінің Басшысы;
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы;
Президент Кеңсесінің Бастығы;
Президенттің көмекшілері;
Президенттің кеңесшілері;
Президент Әкімшілігінің бөлімдері.
 Жарлыққа сәйкес:
– ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері бойынша;
– экономикалық мәселелер бойынша;
– халықаралық мәселелер бойынша;
– құқықтық мәселелер бойынша;
– ғылым және инновация мәселелері бойынша Президенттің көмекшілері лауазымдары енгізіледі.
Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары лауазымдары жойылады. Сондай-ақ Президент Әкімшілігінің төрт бөлімі қысқарды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.