Ресми

Президент әкімдер мен депутаттардың айлығын көтеруге бес жылдық мораторий жариялады

Мәжіліс отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдер мен депутаттардың, Үкімет мүшелерінің жалақысын көтеруге бес жылдық мораторий жариялады.

“Өткен жылдың соңында депутаттардың, әкімдердің жалақысы ел арасында көп талқыланды. Осы орайда, билік өкілдерінің, Үкімет мүшелері мен әкімдердің жалақысын көтеруге бес жылдық мораторий жариялаймын. Әрине, бұл сіздер үшін керемет жақсы жаңалық емес шығар”, – деді Тоқаев.

Еске сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Мәжіліс отырысы өтіп жатыр.

Басқа материалдар

Back to top button