АбайАймақБас тақырыпБасты тақырып

Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Абай ауданы тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев бүгін Абай ауданының тұрғындарымен кездесті. Аудандық Мәдениет үйінде болған кездесуде Мемлекеттік Әнұранымыз орындалып, оны ашып, жүргізіп отырған облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей бұл жүдесудің мақсаты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің Қазақстан халқына биылғы Жолдауын халық арасында кеңінен насихаттап, түсіндіру екенін айтты.

Кездесуде Абай ауданының әкімі Сәбит Оспанов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасап, аудандағы “Шанс” шаруа қожалығының басшысы, облыстық мәслихаттың депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық бөлімшесі төрағасының орынбасары Игорь Жабяк, аудандық Аналар кеңесінің төрағасы Перизат Әбілдина Жолдауға қолдау білдіріп, оны жүзеге асыруда атқарылып жатқан шаруаларға тоқталды.

Ал Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев сөйлеген сөзінде осы Жолдауға жан-жақты талдау жасап, сонда айтылғандай, енді осы үш жылда елімізді цифрлық мемлекетке айналдыру үшін халық болып күш-жігерімізді жұмсауға шақырды.

Мазмұнды өткен жүздесу барысында аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Нұрлан Адашев пен Топар кентінің тұрғыны Айнаш Асқартегі Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаевқа мағыналы әңгімесі үшін алғыс айтып, Айнаш Асқартегі өзінің “Айнаның түсі” атты кітабын оған сыйға тартып,ескерткіш суретке түсті.

Бұл кездесу туралы толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқисыздар.

Ержан ИМАШ
Абай ауданы

Басқа материалдар

Back to top button