Бас тақырыпРесми
Президент Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

– Бұл – Геннадий Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Даңқты отандасымыз олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқаратын Қазақстанның алғашқы өкілі атанды, – делінген құттықтауда.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



