Ресми

Президент еліміздің жаңа Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайловты ұсынды

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Парламент Мәжілісінің отырысында елдің жаңа Премьер-Министрінің кандидатурасын ұсынды.

«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынамын. Ол тәжірибелі маман, еңбекқор мемлекеттік қызметші. Статистика жөніндегі агенттіктің төрағасы, Президенттің көмекшісі, Қаржы министрі, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болды. Қазақстан экономикасының болашағы туралы көзқарасы дұрыс. Нақты жоспары бар. Әлихан Асханұлы Үкіметтің жұмысын өте жақсы біледі. Өзінде жүктелген міндеттерді абыроймен атқарады деп сенемін», – деді Мәжіліс отырысында бейнебайланыс арқылы қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысы Үкіметті басқаруды Әлихан Смайловқа сеніп тапсырып отыр. Жаңа Үкіметке жүкетелген жүк ауыр болмақ. Ең алдымен қымбатшылық ауыртпалығын арқалаған елдің еңсесін тіктеп, бірнеше күнге созылған бүліктен ауыр зардап шеккен экономиканы көтеруі тиіс.

Қазір Мәжіліс депутаттары Президент ұсынған кандидатты талқылауда. “Нұр Отан”, “Ақжол” және “Халық” партияларының фракциялары Әлихан Смайлов кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Басқа материалдар

Back to top button