Ресми

Президент: Депутаттар халық мүддесін іс жүзінде қорғап, әрдайым табандылық танытуға тиіс

– Болашақта партия мүшелерінің тізімін және соған қатысты басқа да рәсімдерді онлайн форматта жасауға болады. Бұл туралы 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Болашақта партия мүшелерінің тізімін және соған қатысты басқа да рәсімдерді онлайн форматта жасауға болады. Осы мақсатта электронды үкіметтің мүмкіндіктерін пайдаланған абзал. Парламенттің заң шығарумен қатар бақылау функциясы да бар екенін білесіздер. Оның тиімділігі халықаралық тәжірибеде дәлелденген», – деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің пайымынша, осы аса маңызды құзыретті тиімді пайдалану қазіргі заманғы Қазақстан парламентаризмінің институционалдық негізін едәуір орнықтырады.

«Бұл менің «күшті Президент, ықпалды Парламент, жауапты Үкімет» деп аталатын саяси формуламмен үндесіп жатыр. Депутаттар халықтың мүддесін іс жүзінде қорғап, әрдайым табандылық танытуға тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚазАқпарат.

Басқа материалдар

Back to top button