Президент бос қиялға беріліп, құрғақ уәде беретіндерге қарсы екенін айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында: «Болашаққа бағдар жасап, жоспар құрғанда өмірге шынайы көзқараспен қараған жөн» деді, деп хабарлайды Оrtalyq.kz kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөсзінде Бос қиялға беріліп, құрғақ уәде беруге қарсы екендігін жеткізді.
– Кез келген мемлекеттің күші – халықта. Азаматтарымыздың жасампаздық қуатының арқасында еліміз кез келген кедергі мен тосқауылға қарсы тұрып, орасан зор табысқа жететініне кәміл сенемін. Өздеріңіз білесіздер, мен түрлі жоспарлар құрып, стратегиялар жасауды құптай бермеймін. Себебі, бос қиялға беріліп, құрғақ уәде беруге қарсымын. Болашаққа бағдар жасап, жоспар құрғанда өмірге шынайы көзқараспен қараған жөн, – деді.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ



