Ресми

Президент балалар арасындағы суицид пен буллингтің алдын алуға бақылауды күшейтуді тапсырды

Балалар арасындағы суицид пен буллингтің алдын алу үшін мемлекеттік бақылауды күшейту керек. Бұл туралы 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Сонымен қатар біз бала құқықтарын қорғау жөніндегі ауқымды мәселелерді шешуге тиіспіз. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалар арасындағы суицид пен буллингтің алдын алу үшін мемлекеттік бақылауды күшейтіп, тиімді тетіктерді қарастырған жөн», – деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті ерекше күтімге мұқтаж балалардың инклюзивті дамуы мәселесін назардан тыс қалдырмауымыз керектігін де баса айтты.

«Білім беру мекемелеріндегі тиісті қызметтердің тиімділігін арттыру үшін нормативтік база қалыптастыру кезек күттірмейтін міндеттің бірі. Әлеуметтік маңызы жоғары осындай мәселелерді шешу мемлекеттік органдардың ғана міндеті емес. Оған бүкіл азаматтық қоғамның атсалысуы қажет екенін бәріміз түсінуге тиіспіз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚазАқпарат.

Басқа материалдар

Back to top button