Президент: “Қазақтың тілі – қазақтың жаны!”
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» және «Aiqyn» газеттеріне берген сұхбатында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді назарда ұстау қажет екеніне бас назар аударды.
«Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мəдениеті мен əдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде. В.Радлов айтқандай, қазақ тілі – ең таза əрі бай тілдің бірі.
Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын құрал. Меніңше, тілдің тұғыры да, тағдыры да бесіктен, отбасынан басталады. Отбасында ана тілінде сөй леп өскен бүлдіршіннің тілге деген ықыласы терең, құрметі биік болады. Осы тұрғыда, балабақшаларда, мектептерде мемлекеттік тілдің мəртебесін көтеруді назарда ұстау қажет.
Біз мемлекеттік тілдің мəртебесін көтеру бағытындағы жұмыстарды үздіксіз жалғастыра береміз», — деді Мемлекет басшысы.