Бас тақырыпЖаңалықтар

Президент Арыстағы жарылыс зардаптарын жоюды тапсырды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласына жақын маңда орналасқан әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жоюды тапсырды. Мемлекет басшысы бұл туралы өзінің Тwitter парақшасында мәлімдеді. 

 «Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыс қаласы әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет» – деп жазады Президент.

Басқа материалдар

Back to top button