Бас тақырыпРесми
Президент қала және ауыл мектебіндегі білім беру деңгейін теңестіруді маңызды міндет ретінде атады
Ауыл баласы мен қала баласының білім алу мүмкіндігі де бірдей болуы керек. Бұл туралы елордада өтіп жатқан ұстаздардың республикалық тамыз конференциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

– Соңғы төрт жылда 4 мыңнан астам ауыл мектебінің материалдық-техникалық қоры жаңғыртылды. Оның басым көпшілігі – ауыл мектептері. Ауылдағы білім ошақтарына күрделі жөндеу жүргізіліп, жаңадан кітапханалар, асханалар мен спорт залдары салынып жатыр. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады. Баланың бәрі – бірдей. Ауыл баласы мен қала баласының білім алу мүмкіндігі де бірдей болуы керек. «Келешек мектептері» жобасының негізгі мақсаты да – осы, – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА