Ресми
Премьер-министр елімізге ресейліктердің келуіне қатысты тапсырма берді
Әлихан Смайылов көші-қон мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
“Елдегі құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты күшейту, сондай-ақ келіп жатқан ресейліктерге жәрдем көрсету керек: ЕАЭО заңнамасына сәйкес оларды уақытылы тіркеп, еңбекпен қамту мәселелерін қарастыру қажет. Бұл орайда жалға берілетін тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдау маңызды”, – деді Әлихан Смайылов.