Бас тақырып

Премьер-министр: Ауыл шаруашылығы техникаларының 76%-ы тозған

Ауыл шаруашылығындағы техниканың тозу деңгейі 76%-ға жетті. Мұны үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлім етті, деп хабарлайды Ortalyq.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет Устинка LIVE

– Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту қарқыны іс жүзінде – 5%, ал норма 6-8% болуға тиіс. Биыл біз қолдау шараларын тек отандық ауыл шаруашылығы техникасын шығаруға ғана қайта бағыттадық. Импорттық аналогтарды субсидиялау алынып тасталды. Сондай-ақ, техника лизингінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау кезінде отандық техника үшін айтарлықтай төмен – сараланған тәсіл көзделді. Осы шаралардың барлығы локализациялауды тереңдетуге, шығарылатын техника номенклатурасын кеңейтуге және отандық техника паркін жаңартуды жеделдетуге ықпал ететін болады, – деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысының сөзінше, теміржол машинасын жасау секторының да даму әлеуеті өте жоғары.

– Қазіргі таңда аталған салада техниканың тозу деңгейі 55%-ға жетті. Бұған дейін қолжетімді лизингтік қаржыландыру тетігі іске қосылған болатын. Соның арқасында биыл секторда өндіріс көлемі 1,5 есеге өсті. Бірақ бұл әлі де жеткіліксіз. Тасымалдаушылардың қажеттіліктері толық көлемде және бірінші кезекте отандық техниканың есебінен қамтамасыз етілуге тиіс. Сондықтан жұмыс қарқынын арттырып, дайын өнімдер мен қосалқы бөлшектер шығаратын жаңа жобаларды іске қосу қажет, – деді Олжас Абайұлы.

Материалды әзірлеген Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button